10 сәуір 2014 12:25

Бішкекте оппозициялық митингке қатысқандарды ұстау басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Милиция Бішкек парламенті ғимаратының алдында. ©tengrinews.kz Милиция Бішкек парламенті ғимаратының алдында. ©tengrinews.kz

Қырғызстан Ұлттық оппозициялық қозғалысы митингісі қарсаңында төрт адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бішкек қалалық ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қырғызстан Ұлттық оппозициялық қозғалысы митингісі қарсаңында төрт адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бішкек қалалық ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Милицияның мәліметінше, бұл адамдар аймақтардан ақша үшін митингке қатысуға келген. Ұлттық оппозициялық қозғалыс "милиция шамамен 60 адамды ұстаты",- деп мәлімдеп отыр. Еске сала кетейік, 10 сәуірде, оппозиция Бішкек орталығында жаппай митинг өткізуді жоспарлаған болатын. Ұлттық оппозициялық қозғалыс елордалық муниципалитеттен (кейбір елдерде қалалық немесе ауылдық басқарма орны) наразылық акциясын өткізуге рұқсат алған. Алайда, оппозиция өкілдері митингке қатысушыларды митинг өткізуге рұқсат берілген аймақтан ғана емес, Бішкектің барлық нүктелерінен жинауды құп көрген. 

Бішкек қалалық ішкі істер бас басқармасы рұқсат етілмеген жерлерден митингке қатысуға келгендердің бәрі ұсталатынын хабарлады. Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Бішкекте қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету күшейтілген, милиция қызметі де күшейтілген түрде жұмыс істеуге көшкен. Тіпті парламент пен ел президенті отыратын "Ақ үйдің" күзеті де барынша жақсартылған. Қалада милиция жасағына шамамен үш мың халық жасақшысы көмек беретін болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети