Бішкектегі апат: Ұшақ құлаған үйдің тұрғыны Қазақстанда нәпақа тауып жүрген

17 Қаңтар 2017, 11:04
0
Бішкектегі апат: Ұшақ құлаған үйдің тұрғыны Қазақстанда нәпақа тауып жүрген - © kremlinpress.com
© kremlinpress.com

Бішкек түбінде жүк тасымалдайтын ұшақ құлаған үйдің тұрғыны Қазақстанда нәпақа тауып жүрген, - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Апат кезінде 28 жастағы Нурбир Солтокенов Қазақстанда болыпты. Ол өз үйінің маңына ұшақтың құлағанын телефон арқылы хабарлады. "Мен Қазақстанда жұмыс істеп жүрмін. Маған ауылдағылар хабарласып, дереу қайтуым керек екенін айтты. Не болғанын білмедім. Үйдің маңына ұшақ құлады деп айтты. Оқиға орнын өз көзіммен көрдім". - деп хабарлады Нурбир көз жасын тия алмай.

Ер адамның айтуынша, оның әкесі 56 жаста болған, оның әйелі 46-да, ал қызы 7 жаста болыпты. Олардың үйінде көрші үйдің балалары жүрген екен. Біреуі жетінші, екіншісі нөлінші сыныпта оқиды. "Ұшақ олардың үстінен түсіпті, дымы қалмаған", - деді Нурбирдің әпкесі Ларгиза.

Айта кетейік, осыған дейін оқиға алдында мектепке кетіп, түске таман қайтып келгенде үйінің жоқ екенін аңғарған мектеп оқушысы жайында хабар тараған болатын. Қырғызстанның бірінші вице-премьері Мухамметкалый Абулгазиев мұндай жағдайдың болғанын растапты. Айтуынша, үшінші сынып оқушысы таңертең мектепке кетіп қалған, ал апаттан оның әке-шешесі қаза тапқан.

Тағы бір бала, премьердің айтуынша, апат алдында әжетханаға шығып кеткендіктен аман қалыпты. "Бала тірі қалды, ал отбасы түгелдей қырылып қалды", - деп хабарлады Абулгазиев.

Еске салайық, оқиға "Манас" әуежайында 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 07.30-да болған. Апатқа ұшыраған жүк ұшағының Turkish Airlines әуе компаниясының иелігінде екені анықталып отыр. Ал кейінірек Бішкек түбінде құлаған ұшақтан 32 мәйіт тексерілді, оның 13-і балалар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай