08 сәуір 2021 09:05

Бішкектегі қыздың өлімі: қырғызстандықтар ІІМ басшысының отставкаға кетуін талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

7 сәуірде Бішкектің 27 жастағы тұрғынының мәйіті табылды. Соған байланысты қырғызстандықтар ІІМ басшысы мен Бішкек Ішкі істер бас басқармасының басшысының отставкаға кетуін талап етіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


7 сәуірде Бішкектің 27 жастағы тұрғынының мәйіті табылды. Соған байланысты қырғызстандықтар ІІМ басшысы мен Бішкек Ішкі істер бас басқармасының басшысының отставкаға кетуін талап етіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

27 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдіктілердің бірі ұсталған. 

"Бүгін кешке тергеу әрекеттері мен іздестіру шараларын жүргізу барысында Бішкек қаласының ІІББ Криминал милиция қызметінің жедел қызметкерлері елорда аумағында 1994 жылы туған әйел адамды ұрлағандардың бірін анықтады. 1992 жылы туған күдікті тергеу қызметіне жеткізілді, онда Қырғыз Республикасы ҚІЖК-нің 98-бабы бойынша Бішкек қалалық Ішкі істер бас басқармасында уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді милиция өкілдері.

Қалалық ішкі істер басқармасы криминалдық милициясы қалған екі күдіктінің кім екенін анықтады. Бүгінде тергеу амалдары мен орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

"Күдіктілерді іздестіру бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кезінде барлық қажет шара Қырғыз Республикасы заңнамасы бойынша жүргізіледі", - деді ведомство өкілдері.

Ал әлеуметтік желілерде кейбір қырғызстандық елдің ішкі істер министрі Ұлан Ниязбеков пен Бішкек ІІБ басшысы Бақыт Матмусаевтың отставкаға кетуін талап ете бастады.

Қырғызстандықтар 8 сәуірде Қырғызстанның ІІМ ғимаратының маңында бейбіт митинг өткізетінін айтты.

Еске салайық, 5 сәуірде ұрланған Бішкек тұрғыны өлі табылған болатын. 

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті онымен сөзге келіспей, қылғындырып, артынша өзін пышақтап, өз-өзіне қол жұмсаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети