08 сәуір 2021 17:42

Бішкектегі қыздың өлімі: тағы бір күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкек тұрғыны 27 жастағы Айзаданы ұрлау ісі бойынша тағы бір күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бішкек тұрғыны 27 жастағы Айзаданы ұрлау ісі бойынша тағы бір күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бішкек Ішкі істер бас басқармасы баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, күдікті З. Р. 1989 жылы туған. Қазіргі уақытта ол Бішкек Ішкі істер бас басқармасының (ІІББ) уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

"Бішкек ІІББ криминалдық милиция жедел қызметкерлерінің тергеу әрекеті мен іздестіру шарасы барысында елорда аумағында 1994 жылы туған әйелді ұрлауға қатысқандардың тағы біреуі анықталды. Жедел ақпаратты тексеру кезінде 1989 жылы туған күдікті З.Р. ұсталып, тергеу қызметіне жеткізілді. Онда Қырғыз Республикасы ҚІЖК-нің 98-бабы бойынша Бішкек қалалық Ішкі істер бас басқармасында уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Сондай-ақ, қалған күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, бұған дейін ұсталған күдікті Теңізбаев бұрын Ресейде бірнеше рет сотталғаны анықталды.

"Күдікті бұрын бірнеше рет сотталған. 2008 жылғы 20 наурызда Омбы қаласының Киров аудандық соты РФ ҚК-ның 158-бабы 1-бөлігі ("ұрлық") бойынша оны 3 ай бас бостандығынан айырған.

2009 жылғы 26 қарашада Теңізбаев Красноярск қаласының теміржол аудандық сотымен РФ ҚК-ның 161-бабы 2-бөлігі "Г" тармағы ("тонау") бойынша 2 жыл бас бостандығынан айыру мерзіміне сотталған. 2011 жылғы 10 маусымда босатылды.

2012 жылғы 10 шілдеде Теңізбаев Мәскеу қаласының Зеленоград аудандық сотымен РФ ҚК-ның 69-бабы 3-бөлігі ("қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау"), 162-бабы 2-бөлігі ("қарақшылық"), 163-бөлігі 2-бөлігі ("бопсалау") бойынша 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

2017 жылғы 29 маусымда босатылып, Қырғызстанға жер аударылған.

2020 жылдың 30 шілдесінен бастап Теңізбаевқа Ресей Федерациясы аумағына кіруге тыйым салынған", - делінген ведомство хабарламасында.

Теңізбаев қаза тапқан қызға үйленгісі келгені белгілі. Олардың танысқанына 4 ай болған. Ұрлау дерегі бойынша Қырғыз Республикасы ҚК-ның 175-бабы ("адамды некеге тұру мақсатында ұрлау") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, 5 сәуірде ұрланған Бішкек тұрғыны өлі табылған болатын. 

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті онымен сөзге келіспей, қылғындырып, артынша өз-өзіне қол жұмсаған.

Жағдай елде қоғамдық резонанс тудырды. Бүгін қырғызстандықтар митингке шығып, елдің ішкі істер министрі Ұлан Ниязбеков пен Бішкек ІІББ бастығы Ұлан Ниязбеков Матмусаевтың отставкаға кетуін талап етті.

Зулайка Эркимбаева, Бішкек

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети