09 сәуір 2021 09:15

Айзаданы ұрлаған адам өлер алдында аудиохабарлама қалдырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © АКИpress Фото: © АКИpress

Бішкек тұрғыны 26 жастағы Айзада Қанатбекованың өліміне күдікті Замирбек Теңізбаев өлер алдында туыстарына аудиохабарлама жіберген. Жазба әлеуметтік желілерде таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Вечерний Бишкек" және АКИpress басылымдарына сілтеме жасап.


Бішкек тұрғыны 26 жастағы Айзада Қанатбекованың өліміне күдікті Замирбек Теңізбаев өлер алдында туыстарына аудиохабарлама жіберген. Жазба әлеуметтік желілерде таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Вечерний Бишкек" және АКИpress басылымдарына сілтеме жасап.

Аудиохабарламада ер адам туыстарымен қоштасады.

"Оны өте қатты жақсы көремін және онсыз өмір сүре алмаймын. Қанша өтінсем де ол менімен тұрғысы келмейді. "Бір ай күт" деді, күттім. Содан кейін тағы бір ай. Бірақ қазір бәрі бітті. Енді сенбеймін", - дейді ол.

Аудио "ұрлау" әрекеті болғаннан кейін 5 сәуірде жазылуы мүмкін. Замирбек хабарламаны ағасы мен анасына жіберген. Аудиохабарламада Айзаданың дауысы да естіледі.

"Сенен күте тұруды өтіндім ғой", - дейді ол. 

Сонымен қатар, Замирбек соңғы күндері қарым-қатынастары қиындап кеткенін мойындаған. Ер адам бірнеше рет кешірім сұрайды.

"Ұлыңыздың осындай болғаны үшін кешіріңізші", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Криминал в Кыргызстане (@svodka.akipress)

Айта кетейік, 7 сәуірде Бішкек маңындағы алаңда ұрланған Айзада Қанатбекованың және оның өліміне күдікті Замирбек Теңізбаевтың мәйіті автокөліктен табылғаны хабарланған еді. Ер адам Ресей түрмелерінде үш рет жазасын өтеген.

Қызды 5 сәуірде бірнеше ер адам ұрлап әкеткен. Ұрлау сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алайда Айзаданы полиция қызметкерлері емес, далада жүрген шопан тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті онымен сөзге келіспей, қылғындырып, артынша өз-өзіне қол жұмсаған.

Қырғызстанда бұл іс үлкен қоғамдық резонансқа ие болды. Оны ел Президенті Садыр Жапаров жеке бақылауына алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети