"Бүкіл әлем бізге қарсы". Полковник Ресей әскерінің әлсіздігін мойындағандай болды

"Бүкіл әлем бізге қарсы". Полковник Ресей әскерінің әлсіздігін мойындағандай болды Михаил Ходаренок. "Россия-1" телеарнасынан кадр

Отставкадағы полковник және әскери сарапшы Михаил Ходаренко "Россия-1" телеарнасындағы "60 минут" бағдарламасында Ресейдің Украинадағы "арнайы операциясына" күмәнмен қарады, - деп хабарлайды Meduza.


Бағдарламаның тұрақты қонағы ресейлік әскер үшін Украинадағы жағдай нашарлай беретінін және "ол жағдайдан шығу керегін" айтады.  

Сарапшы Украинадағы жұмылдыру және Киевке заманауи қару-жарақ жеткізуге байланысты алаңдаушылық білдірді. 

"Жалпы стратегиялық жағдай бойынша, Украинаның қарулы күші бір миллион адамға қару ұстата алады... Америкалық ленд-лиз бен еуропалық көмек жұмыс істей бастаса, миллион украиналық әскери сарбаз болады. Ал біз оны жедел-стратегиялық есептеулерде және бұл жоспар бойынша жағдай ушыға бастайтынын ескеруіміз керек.

... Біз үшін ең басты кемшілік - біздің әскери-саяси жағдайымыз, геосаяси тұрғыда жалғыздығымыз, айтқымыз келмегенімен, бізге жалпы бүкіл әлем қарсы болып отыр... Бізге 42 ел коалициясы қарсы тұрғанда жағдайды жай қабылдауға болмайды, ал біздің әскери-саяси және әскери-техникалық мүмкіндігіміз дегенмен шектеулі. Ол жағдайдан қалай болсын шығуымыз керек", - деді Ходаренко. 

Ходаренконың бұл мәлімдемесі Батыс және украиналық БАҚ-та қызу талқыға түсті:

Newsweek: Ресейліктер мемлекеттік телеарна арқылы Украинадағы соғыстағы жағдайлары мәз емес екенін біліп, таңғалды. 

УНИАН: Полковник РФ капиляциясын болжады, Скабеева ашулы. 

The Telegraph: "Бізге бүкіл әлем қарсы": ресейлік полковник Кремльдегі әскери көлікке қарсы пікір айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +30
Ақтау +25
Ақтөбе +29
Атырау +26
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +29
П
Павлодар +26
Петропавл +29
С
Семей +29
Т
Талдықорған +29
Тараз +36
Түркістан +26
О
Орал +24
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер