17 шілде 2018 09:18

Бүркіт 10 жастағы қызға шабуылдаған - Видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қырғызстанда 10 жастағы қызға бүркіт шабуылдады, - деп хабарлады "Кабар". Оқиға 15 шілдеде Ыстықкөл облысындағы Тон ауылында болды, оқиға кезінде "Тескей Жээк" фестивалі өтіп жатқан.


Қырғызстанда 10 жастағы қызға бүркіт шабуылдады, - деп хабарлады "Кабар". Оқиға 15 шілдеде Ыстықкөл облысындағы Тон ауылында болды, оқиға кезінде "Тескей Жээк" фестивалі өтіп жатқан.

Ыстықкөл облыстық ІІБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға "Салбуурун"ұлттық аңшылықты көрсету кезінде болған, осы кезде қыз бала жолға қарай жүгіріп, бүркіт соған қарай ұшқан.

Ауруханадағылардың айтуынша, 2008 жылы туған қыз 15 шілдеде жеткізілген. "Кезекші дәрігерлер жараға хирургиялық тазалау жасады. Қыздың басы мен көкірек қуысында ашық жаралар болды. Бүгін ол жарасын оратуға келді, жағдайы қанағаттанарлық", - деді дәрігерлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети