09 маусым 2021 09:56

БҰҰ бас хатшысы екінші бесжылдық мерзімге сайланбақ

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Reuters @Reuters

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қауіпсіздік кеңесі қазіргі бас хатшы Антонио Гутерриштің екінші мерзімге қайта сайлануын қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 


Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қауіпсіздік кеңесі қазіргі бас хатшы Антонио Гутерриштің екінші мерзімге қайта сайлануын қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Қауіпсіздік кеңесі Бас Ассамблеяға Антонио Гутерришті екінші бесжылдық мерзімге БҰҰ бас хатшысы етіп тағайындауды ұсынды: 2022 жылдың қаңтарынан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Шешім бірауыздан қабылданды. Бас Ассамблеяда дауыс беру 18 маусымға жоспарланған.

"Кеңес мүшелеріне маған деген сенімі үшін өте ризамын. Бас Ассамблея маған екінші мандат міндеттерін сеніп тапсырса, өте қуанар едім", - делінген Гуттериш мәлімдемесінде.

Бұл лауазымға қазіргі бас хатшыдан бөлек тағы 10 кандидат үміткер болған, бірақ олардың ешқайсы ресми түрде БҰҰ-ға мүше елдерден ұсынылған жоқ.

Антониу Гутерриш - португалиялық саясаткер. БҰҰ бас хатшысы лауазымына 2016 жылы 13 қазанда оның кандидатурасын Қауіпсіздік кеңесінің ұсынымы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткеннен кейін 2017 жылы 1 қаңтарда кірісті.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның қазіргі бас хатшысымен келіссөздер барысында Қазақстан Антониу Гутерриштің екінші мерзімге кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, Президент бас хатшыға коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасын әзірлеу туралы айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети