04 маусым 2021 15:39

БҰҰ бас хатшысы қазақстандық вакцинаның әзірлемесін құптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришке коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришке коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу видео конференция режимінде өтті.

"Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына коронавирусқа қарсы күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде, QazVac отандық вакцинасының әзірлемесі туралы мәлімет берді. Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін халықтың 55 пайызына екпе салу жоспарын жеткізді. Антониу Гутерриш коронавирус індетіне қарсы қазақстандық вакцинаның әзірлемесін және жаппай екпе салу науқанының табысты жүргізіліп жатқанын құптады", - делінген Ақорда сайтында.

Антониу Гутерриш Қазақстанның ядролық қаруға қарсы жаһандық мәселені ілгерілетудегі көшбасшылығын жоғары бағалады. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысын Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай тамыз айында елімізде өткізілетін халықаралық конференцияға шақырды.

Әңгімелесу соңында тараптар ортақ мүддені көздейтін ауқымды мәселелер бойынша жасалатын тығыз байланыстарды жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети