Бізді бейбіт акциялармен әлдилеудің керегі жоқ - Лукашенко

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Reuters Фото: Reuters

Беларусь президенті Александр Лукашенко бүгін Минск қаласында өткен отырыста ел ішінде болып жатқан қоғамдық-саяси жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды БЕЛТА.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Беларусь президенті Александр Лукашенко бүгін Минск қаласында өткен отырыста ел ішінде болып жатқан қоғамдық-саяси жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды БЕЛТА.

"Біз не болып жатқанын көріп отырмыз. Бізді бейбіт акциялар және нарызылықтармен әлділеудің керегі жоқ. Біз түбінде не болып жатқанын көріп отырмыз. Жақсы көріп отырмыз. "Түрлі түсті революцияның" әдіснамасын бәріміз оқыдық қой. Одан бөлек "түрлі түсті революцияның" әдіснамасында сыртқы жақтан араласудың элементтері пайда болыпты. Бұл ерекшелікті туралы бүгін Қорғаныс министрлігіндегі Стратегиялық басқару орталығында айтамыз", - деді ол.

"Яғни, мен не айттым, сценарий бойынша Беларуське қарсы агрессия болады. Қазір келіссөз үшін Путинге хабарласу керек. Себебі бұл тек Беларуське төнетін қауіп емес. Қарап отырсам, кейбір ресейлік өте ақылды, "міне, Беларусь, солай да былай" деп айқайлайды... Мен бүгін Беларусьті қорғау - бұл біздің кеңістігімізді, Одақ мемлекеттерін қорғау екенін айтқым келеді және басқаларға үлгі болсын. Егер белорустер шыдамаса, толқын сол жаққа жылжиды. Сондықтан бізге жабысып қалды", - деді президент.

"Көшеде жүргендердің көбі не болып жатқанын түсіне бермейді. Мұны үйлестіріп, бағыттап отырғандар ғана түсінеді. Кейде кәсіби түрде жұмыс істейтінін көріп отырсыздар: әдейі қойылым қояды, фейк таратады. Менің Мәскеуде үйім бар екенін тауыпты-мыс. Қазір жария түрде айтамын: таптыңыз ба, ала қойыңыз. Менің Беларусьте ауылда тұратын ресми резиденциямнан басқа иелігімде ештеңе жоқ. Жоқ, сол фейктер бастайды. Мен алдын күні елден кетіп қалыппын, не ауырып қалдым, не өлім қалдым дегенді шығарды. Осылай айналып жүр. Не үшін? Қолдан келмейді. Біз бұған жол бермеуіміз керек", - деп мәлімдеді Александр Лукашенко.

Еске салайық, 10 тамызда сайлау учаскелері жабылып, мемлекеттік экзитполдың нәтижесі жарияланғаннан кейін Беларусьтің бірнеше қаласында оппозиция тарапынан азаматтар шыға бастады.

Минскідегі жаппай тәртіпсіздік кезінде бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Беларусьтің ІІМ баспасөз хатшысы Ольга Чемоданова айтты.

Кеше, 14 тамызда, Беларусь Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы нәтижелерін жариялады.

Беларусьте наразы жұрт қоқыс жинап, орындықты ластамау үшін аяқ киімін шешті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.1  course up  588.04  course up  6.35  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro