27 тамыз 2020 09:33

Митингіде ұсталған белорус арнайы жасақтың автозактағы қорлығын видеоға түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© TUT.BY © TUT.BY

Минскідегі митинг кезіндегі ұсталған тұрғындардың бірі арнайы жасақ өкілдері автозакта шеруге шыққандарға қалай қорлық көрсететінін видеоға түсіріп алды. Ролик TUT.BY порталында пайда болған. 


Минскідегі митинг кезіндегі ұсталған тұрғындардың бірі арнайы жасақ өкілдері автозакта шеруге шыққандарға қалай қорлық көрсететінін видеоға түсіріп алды. Ролик TUT.BY порталында пайда болған. 

Видео авторы Дение Германов 10 тамыз кешкі уақытта Минскідегі Жеңіс даңғылында ұсталғанын. Ол "ынтымақтастық тізбегінде" тұрған, артынша арнайы жасақ өкілдері келгенде қолын көтеріп, қарсыласпай, сөзге келіспей, бірге кеткен. 

Ұсталған адамдардың бірі ол тек жұмыстан үйіне қайтып бара жатқанын, ешқайда қатыспағанын айтқан. Алайда оны жерге жатқызып, соққыға жыққан болуы мүмкін. 

Арнайы жасақ тұрғындарды ұрып-соғып, бейәдеп сөздер айтқан. 

"Таяқтың даусын ешқашан ұмытпаймын", - дейді Германов. 

Ескерту, видеода зорлық-зомбылық көріністері бар!

Германов видеоны тауып алып, өшіртіп, ал камераны қайтармайтынына сенімді болған. Алайда ер адам босатылғаннан кейін изолятордағы заттарын алуға келгенде камера орнында тұрған. Үйге келіп, камераны қосқаннан кейін түсірілген қорқынышты кадрларды көріп шошыған. 

Бас прокуратура видеоға қатысты түсінік беруден бас тартқан. 

Еске салайық, 10 тамызда сайлау учаскелері жабылып, мемлекеттік экзитполдың нәтижесі жарияланғаннан кейін Беларусьтің бірнеше қаласында оппозиция тарапынан азаматтар шыға бастады. Шерулер бүгінге дейін жалғасын тапқан.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети