22 мамыр 2020 13:21

COVID-19 жұқтырған мейіргер вирустан айыққан кейінгі суретін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: buzzfeednews.com Фото: buzzfeednews.com

Калифорнияда тұратын мейіргер Майк Шульц коронавирустан айыққан соң 23 келі салмақ түсіргенін айтты, - деп хабарлайды Buzz Feed News.


Калифорнияда тұратын мейіргер Майк Шульц коронавирустан айыққан соң 23 келі салмақ түсіргенін айтты, - деп хабарлайды Buzz Feed News.

Америкалықтыңіайтуынша, ол вирусты наурыз айының басында Майамиде өткен кеште жұқтырған. Ол жерде ешқандай санитарлық норма сақталмады дейді. Бірнеше күннен кейін оның дене қызуы жоғарылап, 39 градусқа дейін жетіп, өкпесі сұйықтыққа толған. Содан 16 наурызда ол ауруханаға жатқызылған.

"Алты апта бойы тыныс алдыру аппараты арқылы ем алудың қаншалықты сұмдық екенін көрсеткім келеді. Пневмониядан салмағым бірден түсіп кетті", - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.


Фото: instagram.com/thebearded_nurse

"Осы емнен соң менің салмағым 63 келі болды, оған дейін 86 келі болатынмын. Бұл дерттен осылайша зардап шегетіндей тым жас шығармын деп ойлайтынмын", - деді Майк.

Дереккөз мәліметінще, Шульц қазір үйіне оралды, жағдайы жақсарды. Әлеуметтік желілерде бұрынғы қалпына келу үшін қолдан келгенді жасауға ниетті екенін айтып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети