27 желтоқсан 2015 10:25

ДАИШ басшысы: Ресей мен коалицияның әуе соққылары бізді әлсіретпейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДАИШ ұйым басшысы Әбу Бакр әл-Бағдадидің АҚШ, Ресей және Израильді қорқытуға тырысып сөйлегені жазылған аудиожазбаны таратты, - деп жазады "Коммерсантъ"


ДАИШ ұйым басшысы Әбу Бакр әл-Бағдадидің АҚШ, Ресей және Израильді қорқытуға тырысып сөйлегені жазылған аудиожазбаны таратты, - деп жазады "Коммерсантъ"

"АҚШ, ЕҰ, Ресей, еврейлер мен оның жақтастары, құдай бізге жеңісті уәде етті, сендермен соғысуды бұйырды, біз сендерді жеңеміз. Жақын күндері құдайдың қалауымен моджахедтердің қадамының дауысын естисіңдер... Күн өткен сайын біз сендерге жақындап келеміз", - делінген лаңкестердің Twitter-де жариялаған 24 минуттық аудиожазбасында. 

Әбу Бакр әл-Бағдади жақында өздерінің антитеррорлық коалициясын құратынын мәлімдеген Сауд Арабиясына да қоқан-лоққы көрсеткен.

ДАИШ басшысы АҚШ басқарып отырған коалиция мен Ресейдің әуеден жасаған соққылары ұйымды әлсірете алмағанын, содырларға қарсы әскери іс-қимылдар көбейген сайын топтың күшейе беретінін айтты.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети