12 тамыз 2015 11:10

ДАИШ хакерлері АҚШ-тың әскери қызметкерлері туралы мәліметтер жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Өздерін ДАИШ мүшесіміз деп жариялаған хакерлер АҚШ-тың мемлекеттік және қарулы күштерінің жүздеген қызметкері туралы ақпарат жариялап, содырларды соларға қарсы күресуге шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті телеарналардың біріне сілтеме жасап.


Өздерін ДАИШ мүшесіміз деп жариялаған хакерлер АҚШ-тың мемлекеттік және қарулы күштерінің жүздеген қызметкері туралы ақпарат жариялап, содырларды соларға қарсы күресуге шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті телеарналардың біріне сілтеме жасап.

Хакерлер Нью-Йорк және Нью-Джерси билігінің, ВВС, НАСА қызметкерлерінің аттарын, электронды пошталарын, құпия сөздері мен кредиттік карталары туралы мәліметтерді білетіндерін хабарлады. "Біз бұл хабарлама туралы білеміз, бірақ біз оны растай алмаймыз. Біздің басты мақсатымыз - қызметкерлердің қауіпсіздігі", - деді АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі.

Киберқауіпсіздікпен айналысатын Flashpoint Intelligence компаниясы хакерлік шабуыл рас болса, онда ДАИШ ұйымы жеке шабуыл жасауға аса мән беріп отырғандарын, мәліметтерді жариялайтындарын айтты.

Еске сала кетейік, ДАИШ хакерлері бұған дейін Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің сайтын бұзған болатын. Хакерлер сайтты бұзғаннан кейін оның бастапқы бетіне YouTube порталындағы мұсылмандардың уағызы айтылған бейнеролик жүктеген. Сонымен қатар, олар бастапқы бетке ИМ лаңкестік ұйымын қолдау мен "кінәсіз мұсылмандарды өлтіріп жатқан" АҚШ, Израиль және араб елдеріне қарсы күресу туралы мәтін қалдырған. Хакерлер өздері жазған мәтіндерді неғұрлым көп адам оқуы үшін мемлекеттік сайттарға шабуыл жасауды тоқтатпайтынын да мәлімдеді.
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети