27 желтоқсан 2015 01:16

ДАИШ қатарында болғандар ұйым жайлы шындықты айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДАИШ қатарында болып, кейін қашып шыққан бұрынғы содырлар мамандарға ұйымнан неліктен кеткенін айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости.


ДАИШ қатарында болып, кейін қашып шыққан бұрынғы содырлар мамандарға ұйымнан неліктен кеткенін айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сирия тумаларынан сұхбатты терроризм проблемасын зерттеп жүрген Анна Спекхард пен С.Яила деген ғалымдар алды. Олар бұрынғы содырларды Сирия мен Түркия шекарасында тауыпты. 

Ер адамдардың ДАИШ қатарынан шығуына басты себеп - ұйым өте қатыгез, ал ондағы өмір насихатталып жатқандай емес. Бұрынғы содырлар ДАИШ-тың стратегиясы болып отырған қатыгездік көріністерді сипаттап берді. "Онда Хұт деген құдық бар. Олар тұтқындардың көзін байлап, "Сен боссың, алға жүре бер, бірақ көзіңді ашпа" деп айтады. Ал олар құдыққа құлайды", - деп мәлімдеді Спекхард пен Яилаға сұхбат бергендердің бірі. Ол құдыққа 300-ден аса адамның құлатылғанын айтты.  

Осындай әрекетпен содырлар халықты үрейлендіріп, өзге қарулы топтарды сескендіріп отырады екен. Сұхбат берушілер бір жыл бұрын ДАИШ-тың "Сириялық бостандық армиясымен" күресі кезінде Ракка қаласында өлімші балаларды қолданғанын айтып берді.  

Тағы бір сириялық содырлардың арасындағы қатал жағдайды баяндады. "Егер бірдеңе дұрыс болмай қалса, олар сол адамды суға батырып, қинайтын, - деді ол. - Егер оларға біреу ұнамай қалса, басын алатын".

Бұрынғы содырлар ДАИШ-ты жалған сөйлейді деп те айыптап отыр. "2014 жылы ДАИШ-тағылардың өтірікші екенін түсіндім. Мәселен, бір жігіт болған, ол бір әйелді зорлады. Кейін жазаланбады да", - дейді бұрынғы содырлардың бірі. Ал қазіргі уақытта ұйым Сириядан содыр жинай алмай жатқан көрінеді. Бастапқыда ДАИШ-қа баратындар жақсы өмір сүру үшін барады екен де, қазір болса онда басып алынған территориялардағы кедейлік пен апаттар көп болады екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети