18 қараша 2021 10:25

ДАИШ қазір Ауғанстанның барлық провинциясында бар - БҰҰ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

БҰҰ-ның Ауғанстандағы арнайы өкілі Дебора Лайонс ДАИШ ("Ислам мемлекеті" - Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) лаңкестік тобының тармағы өсіп, қазір 34 провинцияның барлығында бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


БҰҰ-ның Ауғанстандағы арнайы өкілі Дебора Лайонс ДАИШ ("Ислам мемлекеті" - Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) лаңкестік тобының тармағы өсіп, қазір 34 провинцияның барлығында бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің айтуынша, Лайонс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде елдегі билікті басып алған "Талибан" содырлары (Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) "Ислам мемлекеті" лаңкестерінің таралуына қарсы тұра алмайтынын айтты. 

"Бір кездері ДАИШ-тың бірнеше провинциялар мен ел астанасына ғана күші жететін, қазір ол барлық провинцияларда бар және белсенді бола бастады", - деді Лайонс.

Лайонс Ауғанстанда экономиканың тұрақсыздығы мен құрғақшылық салдарынан алдағы қыста гуманитарлық апат болатынын тағы да ескертті. Ол елдегі гуманитарлық көмектің жеткіліксіз екенін айтып, халықаралық қауымдастықты медицина қызметкерлерінің, мұғалімдер мен гуманитарлық сала қызметкерлерінің жалақысын қаржыландырудың жолдарын іздеуге шақырды.

"Экономикалық құлдырау есірткінің, қару-жарақтың және адамдардың заңсыз айналымын, сондай-ақ реттелмейтін ақша айырбастауын тудырады. Бұл лаңкестікке ықпал етуі мүмкін. Бұның салдары алдымен Ауғанстанға әсер етеді. Содан кейін бүкіл аймаққа тарайды", - деді Лионс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети