26 ақпан 2016 10:06

ДАИШ-та секс-құлдықта болған қыз содырлардың зорлығын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДАИШ ұйымының құлдығында болған Ширин. © Polaris ДАИШ ұйымының құлдығында болған Ширин. © Polaris

ДАИШ содырларының құлдығынан қашып құтылған ирак қызы қандай қиындықтарға шыдағанын айтып берді. Сексуалдық құлдықта болған Шириннің оқиғасын Daily Mail басылымы жариялады.


ДАИШ содырларының құлдығынан қашып құтылған ирак қызы қандай қиындықтарға шыдағанын айтып берді. Сексуалдық құлдықта болған Шириннің оқиғасын Daily Mail басылымы жариялады.

Қыз 2014 жылдың тамызында Ирактың солтүстігіндегі Хардан ауылынан ұрланған. Ол кезде Ширин небары 17 жаста болыпты. Тоғыз ай құлдықта болған бойжеткен бірнеше рет өзіне қол салмақ болады, дегенмен ол ойлағанын жүзеге асыра алмайды. Ең алғаш рет оған мұндай ой жиһадшылардың өзін зорлайтынын білген кезде келген.

"Мен өзімді орамалмен тұншықтырып өлтіргім келді. Есімді жоғалтқанға дейін орамалды қысып байлап тұрдым. Осы кезде бөлмеге бір ер адам келіп, мен еденге құлап түскенше бірнеше рет ұрып жіберді", - деді ол.

Қыз бір кездері өзін есірткіге мас болған тоғыз адамның зорлағанын да айтып берді. Олардың арасында үлкен ер адамдар да болған. Солардың бірінен, 60 жастағы содырдан Ширин жүкті болып қалып, түсік жасатады.

Қыздың айтуынша, ол бірнеше айдан кейін өзін зорлағандардың ішінде бұрынғы мұғалімдердің, тіпті дәрігерлердің де болғанын біледі.

Ширин қанша жалынса да, ешкімнің медициналық көмек көрсетпегенін айтып отыр. "Құрбым жараларымды емдеу үшін мені тұзды суға жатқызды. Су қып-қызыл қан болды, мен сол қанға шомылдым", - деді ол бастан кешкендерін еске ала отырып. Оның айтуынша, содырлар күңдіктегі қыздарды жиі аш қалдырып, су да ішкізбеген.

Ширинге содырлардың азабынан қашып құтылуға "күйеулерінің" бірі көмектесіпті. Ер адам оны аяп, Германияға қашып кетуге жәрдемдескен. 19 жасқа келген Ширин қазір сол жақта өмір сүріп жатыр. Ол адвокат болуды армандайды және көлік жүргізу куәлігін алғысы келетінін де айтты.

"Мен ДАИШ содырларының халыққа жасаған жауыздығын ұмытпау керек екенін айтамын. Көп адам құлдықта қалды, көбі қашып кетті. ДАИШ ұйымының ислам емес, нағыз жауыздық екенін дәлелдеу үшін кітап жаздым", - деді Ширин. Ол жауыздықты жеңу үшін әлем елдерінің бірге әрекет ету керек екенін, болмаса мұның Еуропаға таралатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети