29 қыркүйек 2021 09:39

ДДСҰ қызметкерлері зорлық жасады деп айыпталды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tourprom.ru © tourprom.ru

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Конго Демократиялық Республикасында Эбола індеті кезінде гуманитарлық қызметкерлерге жыныстық зорлық-зомбылық туралы тағылған айыптарды тергеу жөніндегі тәуелсіз комиссияның есебін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап. 


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Конго Демократиялық Республикасында Эбола індеті кезінде гуманитарлық қызметкерлерге жыныстық зорлық-зомбылық туралы тағылған айыптарды тергеу жөніндегі тәуелсіз комиссияның есебін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, жыныстық зорлық-зомбылықтың 80-нен аса жағдайы анықталды, оның ішінде ДДСҰ-ның 20 қызметкеріне айып тағылды.  

Айта кетейік, БҰҰ тергеуді 2020 жылдың қазанында The New Humanitarian және Thomson Reuters Foundation жариялаған ақпараттан кейін бастады. Онда 30-ға жуық әйел Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында жұмыс істейтін ер адамдарды айыптады.

Жалпы алғанда, 51 әйел БҰҰ-ның ДДСҰ, ЮНИСЕФ және халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) сияқты органдарында ғана емес, сонымен қатар, Oxfam, Шекарасыз дәрігерлер (MSF), World Vision және ALIMA сияқты көмек көрсету ұйымдарына қатыгездік туралы хабарлаған.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Конгодағы сексуалдық зорлық-зомбылық жағдайлары үшін кешірім сұрады.

Ақпарат бойынша, қазір 83 айыпталушы кім екені БҰҰ өкілдеріне белгілі. Олардың ішінде Конго азаматтары да, шетелдіктер де бар. Ұйым тергеушілері 2018-ден 2020 жылға дейін, Конгода Эбола ауруымен күрес кезіндегі 21 жағдайда ДДСҰ қызметкерлері кінәлі екенін анықтады.

Бұған дейін ДДСҰ әлемдегі әйелдердің үштен бірі өмір бойы физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылық көретінін анықтаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети