27 қазан 2021 17:25

ДДСҰ саяхатшылардан COVID-19-ға қарсы вакцина алуын талап етпеуді ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) халықаралық сапарлар бойынша саяхатшылардан COVID-19-ға қарсы вакцина алуын талап етпеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДСҰ сайтына сілтеме жасап.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) халықаралық сапарлар бойынша саяхатшылардан COVID-19-ға қарсы вакцина алуын талап етпеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДСҰ сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар комитеті отырысының қорытындысы бойынша, ДДСҰ кез келген елге кірудің жалғыз шарты коронавирусқа қарсы вакцина алу болмауы керек деп санайды, сондықтан ұйым саяхатшылардан екпе алғанын дәлелдеуді талап етпеуді ұсынады.

Ұйым сарапшылары бұл шешімді бірқатар елде вакцинация әлі де төмен деңгейде болуымен байланыстырды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, табысы жоғары елдерде әрбір 100 адамға COVID-19-ға қарсы вакцинаның 133 дозасы келсе, табысы төмен елдерде 100 адамға 4 дозадан ғана келеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесі бойынша, мемлекеттер халықаралық жолаушылар тасымалына тәуекелге негізделген көзқарасты қабылдауы керек - қажет болған жағдайда рейстерді тоқтату немесе қысқарту, ПТР-сынамасын немесе карантинға жатқызу.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғалымы Сумья Сваминатан пандемияны тоқтатуға вакцина жеткіліксіз екенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети