25 қазан 2021 14:16

ДДСҰ ғалымы коронавирус жаһандық теңсіздікті шиеленістіріп жібергенін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғалымы Сумья Сваминатан пандемияны тоқтату үшін вакцинация жеткіліксіз екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.


 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғалымы Сумья Сваминатан пандемияны тоқтату үшін вакцинация жеткіліксіз екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

ДДСҰ өкілі коронавирустың таралуын және оның мутациясын болдырмау үшін кедей елдерде вакциналарды әділ таратуға және құралдармен алмасуға шақырды.

©REUTERS

"Вакцинация - бұл құралдардың бірі ғана. Ол күмістен жасалған оқ емес. Вакциналар ауруды ауыр өткеруден тиімді қорғайды. Бірақ олар инфекцияға қарсы 100 пайыз тиімді емес. Бүгінде вакцинация деңгейі жоғары болса да, инфекция жұқтыру деңгейі әлі де өсіп бара жатқан елдерді көріп отырмыз", - деді дәрігер.

Сваминатан коронавирус жаһандық теңсіздікті күрт шиеленістіріп жібергенін айтты.

"Әлемнің бір бөлігінде қазір көп адам екпе алып жатыр. Өмір қалпына келе жатқандай. Бірақ, өкінішке қарай, әлемнің екінші жартысы әлі вакциналарға қол жеткізе алмай отыр. Африка елдеріндегі халықтың 2 пайыздан азы вакцина алған", - деді ғалым.

©REUTERS

ДДСҰ зерттеушісінің айтуынша, Канада, Қытай, Дания және Португалия сияқты кейбір елдерде халықтың 75 пайызы немесе одан да көбі толық вакцина салдырған. Нигерия, Эфиопия, Сирия және Ауғанстан сияқты басқа елдерде бұл көрсеткіш 5 пайызға да жетпейді.

©REUTERS

Сваминатханның айтуынша, пандемияны біржолата тоқтатудың жалғыз жолы - бай елдердің көбірек ынтымақтасуы.

"Егер әлем бірігіп, бар құралдарды, вакциналарды, диагностиканы, емдеу тәсілін бөлісуді ұйғармаса, көп уақыт қажет болады. Дүниежүзінде әлі күнге дейін COVID-19-дан аптасына 40-45 мыңнан аса адам қайтыс болады және оны тоқтату керек", - деп қосты ол.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус індетін жеңуге барлық құрал мен нақты мүмкіндік бар екенін, бірақ адамзат оны қолданбай отырғанын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети