25 қазан 2021 09:10

ДДСҰ басшысы пандемияны жеңуге барлық құрал бар екенін мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус індетін жеңуге барлық құрал мен нақты мүмкіндік бар екенін, бірақ адамзат оны қолданбай отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Гебрейесустың айтуынша, әлем пандемияны тоқтатуға нақты шешім қабылдаған кезде, ол аяқталады.

"Бұл біздің қолда", - деді ДДСҰ басшысы.

Сонымен қатар, ол әлем пандемияны жеңу үшін барлық құралды пайдаланбай отырғанын айтты.

Гебрейесус ДДСҰ-ның 2021 жылдың аяғына дейін әр елде кем дегенде 40 пайыз халықты иммундау мақсатын еске салды. Ол вакцинаның жеткізілуін бақылайтын елдер мен компаниялар мәлімдемесі әрекетіне сәйкес келген жағдайда ғана мақсатқа қолжеткізуге болатынын баса айтты.

Ұйым басшысы осы көрсеткішке жеткен елдерді COVAX халықаралық тетігі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге басымдық берді.

Сонымен қатар, Гебрейесус пандемияны тоқтату үшін вакциналарға зияткерлік меншік құқығын тоқтату қажет деп санайтынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети