15 ақпан 2023 14:09

ДДСҰ Түркиядағы жер сілкінісінің ауқымын бағалады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі соңғы 100 жылдағы аймақтағы ең ауыр табиғи апат деп бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге мәлімдеді.

"Бір аптадан астам уақыт бұрын Түркияның орталық бөлігі мен Сирияның солтүстік-батысында болған күшті жер сілкіністері аймақтағы соңғы ғасырдағы ең ауыр табиғи апат болды", - деді Клюге.

Ол өңірде апат салдарынан 36 мыңнан астам адам қаза тапқанын, сондай-ақ екі елде де кемінде 26 миллион адам гуманитарлық көмекке мұқтаж екенін атап өтті.

Түркия Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймағындағы 53 елдің қатарына кіреді, ал көршілес Сирия Шығыс Жерорта теңізі аймағында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети