1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

ДДҰ басшысы әлем елдеріне жаңа пандемияға дайын болу керегін ескертті 08 қыркүйек 2020, 09:23

Әлем коронавируспен болған жағдайдан сабақ алып, жаңа пандемияға дайындалуы керек. Бұл туралы дүйсенбіде Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© REUTERS © REUTERS

Әлем коронавируспен болған жағдайдан сабақ алып, жаңа пандемияға дайындалуы керек. Бұл туралы дүйсенбіде Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл соңғы пандемия емес. Тарих бізге індет пен пандемия өміріміздің бір бөлігі екенін көрсетіп жатыр. Бірақ келесі пандемия келгенде барлық мемлекет оған дайын болуы керек", - деді ДДҰ басшысы.


ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус. © Business Insider

Айта кетейік, ДДҰ басшысының мәлімдемесі ұйымның YouTube-каналында жарияланды.

ДДҰ басшысы: коронавирусқа қарсы мінсіз құрал жоқ, болмауы да мүмкін

Еске салайық, бүгінде әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 27 миллионнан асты, ал Қазақстанда науқастардың саны 106 425-ке жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 



Join Telegram