15 ақпан 2021 12:54

ДДҰ мамандары Қытайда кешігіп жарияланған эпидемия туралы деректерді жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

ДДҰ сарапшылар тобының жетекшісі Қытайда кешігіп жарияланған эпидемия туралы деректерді жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Axios сайтына сілтеме жасап.


ДДҰ сарапшылар тобының жетекшісі Қытайда кешігіп жарияланған эпидемия туралы деректерді жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Axios сайтына сілтеме жасап.

ДДҰ миссиясының жетекші зерттеушісі Питер Бен Эмбарек Уханда 2019 жылдың желтоқсанында вирустың оннан аса штамы анықталғанын айтты.

"Вирус желтоқсанда Ухан бойынша кеңінен таралды, бұл жаңалық болды", - деді сарапшы. Ол Қытай тарапы 8 желтоқсанда вирус жұқтырған адаммен сөйлесуге мүмкіндік бергенін қосты. 

Эмбаректің айтуынша, ДДҰ мамандары ұсынылған COVID-19 үлгілерін мұқият зерттеген. Атап айтқанда, желтоқсанда Уханда кем дегенде 13 түрлі мутация бары анықталды.

"Олардың кейбірі жергілікті базарларда тарала бастады, ал кейбірінің базармен мүлде байланысы жоқ", - дейді Эмбарек.

Ол жаңа мәліметтер инфекцияның таралу мерзімі мен географиясын анықтауға ықпал етуі мүмкін екенін де айтты.

Оның айтуынша, Қытай ғалымдары сарапшылар тобына 2019 жылдың желтоқсанында Уханда тіркелген коронавирус инфекциясының 174 жағдайы туралы мәлімет берген. Оның ішінде 100 жағдай зертханалық зерттеулермен расталған, тағы 74-і симптомдарға негізделген клиникалық диагноз.

Деректер аймақта жалпы 1000-нан аса COVID-19 жағдайы болуы мүмкін екенін көрсетеді. Бұл болжам Қытай халқының тек 15 пайызы аурудың ауыр түріне бейім екенін көрсеткен статистикадан туындайды.

Айта кетейік, ДДҰ сарапшылары коронавирустың пайда болуын зерттеу үшін Уханға қаңтарда барған. Олар инфекция алғаш рет тіркелген теңіз өнімдері базарына барды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети