1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Diamond Princess лайнерінен эвакуацияланған үш ресейлік коронавирус жұқтырған

© REUTERS © REUTERS

Diamond Princess круиз лайнерінен эвакуацияланған үш ресейлікке "жаңа коронавирус инфекциясы" диагнозы қойылды. Бұл туралы Роспотребнадзор басшысы Анна Попова хабарлады, - деп жазады РИА Новости

Сондай-ақ олардың COVID-19 анықталмаған тағы бес ресейлік секілді жағдайы жақсы екені айтылады.

"Барлығының дене қызуы қалыпты, ешқайсының клиникалық белгісі жоқ, тіпті жаңа коронавирус диагнозы қойылғандарының да", - деді Анна Попова журналистерге.

Бұған дейін Diamond Princess лайнерінде төрт қазақстандық болғаны хабарланған. 24 ақпанда олар Нұр-Сұлтанға жеткізіліп, карантинге жабылған. 

Diamond Princess круиз лайнері коронавирус анықталғаннан кейін Жапония жағалауында екі апта карантинде болған. Оның бортында 3700 қалып қойған.