Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Дипломатиялық деректер АҚШ-тың Ресейге жарияламақ санкцияларының тізімін атады

17 Наурыз 2014, 10:07
0
forbes.ru
forbes.ru
АҚШ Ресейге Қырымдағы референдум үшін қатал санкция жариялайтынын айтқанына біраз уақыт болды. Бұл туралы Барак Обама Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенде референдумды ешқашан мойындамайтынын айтқан болатын. Ресейдің Сыртқы істер министрлігіндегі дипломатиялық деректер "Хвиля" порталында санкциялардың тізімін атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

АҚШ қолданғалы отырған шаралар мыналар: капиталды, инвестицияларды, рейтинг және несиелерді толықтай тоқтату, Еуропаға газдың сатылуын шектеу. Ресей тұрғындарының, кәсіпкерлерінің, шенеуніктерінің АҚШ-қа келуіне тиым салу.

Сондай-ақ АҚШ-тағы Ресей капиталдары, жекеменшіктері қайта қарастырылады. Жеке меншікке қарасты дүниелердің қандай қаржыға келгендігі тексерілмек және есепшоттар жабылады.

Ресей олигархтарының сатып алған мүліктеріне тергеу жүргізілмек. Мысалы Прохоров пен Абрамовичтің спорт клубтары секілді жекеменшік мүліктер тергеледі.

Дипломатиялық деректерге сенсек, бұл санкциялар бойынша алдымен тиісті адамдар тұтқындалып, одан кейін тергеу жұмыстары жүргізілмек.

Естеріңізге сала кетейік, 16 наурыз күні Қырымның Ресейге қосылуына көпшілік дауыс берген референдумды АҚШ, Германия, Канада, Франция секілді Еуропа елдері мойындамай отыр. Барак Обама Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенде ол Қырымдағы референдумды АҚШ және халықаралық қауымдастықтар ешқашан мойындамайтынын жеткізді.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай