21 шілде 2021 09:14

Джефф Безос ғарышқа ұшудан алған әсерін бөлісті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Джефф Безос ғарышқа ұшудан алған әсерін бөлісті, оның айтуынша, әсері өзі күткеннен де асып түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.


Джефф Безос ғарышқа ұшудан алған әсерін бөлісті, оның айтуынша, әсері өзі күткеннен де асып түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Миллиардер Жерге оралған соң ғарышқа тәнті болғанын айтты. 

"Бұл қалай болғаны? О, Құдайым! Күткенімнен асып түсті, зор үмітім болған еді!" - деді Безос New Shepard кемесінің алғашқы ұшуының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

Безос қайта ұшуды армандайтынын да жасырмады. 

"Иә, сайтан алғыр! Бұл затты жанармаймен толтыруға қанша уақыт қажет?" - деп қалжыңдады әлемдегі ең бай адам қайтадан ұшқысы келе ме деген сұраққа жауабында.

Ол жыл соңына дейін компанияның New Shepard кемесі тағы екі рет ұшатынын растады.

"Қазір жеке өтінімдерден түскен сома 100 миллион долларға жетіп қалды, сұраныс өте көп", - деді ол.

Безос ұшқанда командасының мүшесі болған 82 жастағы ұшқыш Уолли Франк те ғарышқа қайта баруға ниет білдірді.

"Ол жаққа қайта тезірек барғым келеді", - деді ол.

Оның айтуынша, бір өкініштісі - кеменің кабинасы төрт ересек адам кеңістікте толық ләззат алуы үшін кішкентай болған.

"Мен көбірек айналар едім", - дейді Франк.

Ғарышқа ұшқан Безостың ағасы Марк және 18 жастағы голландиялық Оливер Дэменнің айтуынша, 1961 жылдан бері ғарышқа баруды армандаған қарт астронавт ұшарда бәрінен де сабырлы болып, Жерден шығуға асыққан. 

Еске салайық, Blue Origin иесі, әлемдегі ең бай адам Джефф Безос 20 шілдеде New Shepard кемесімен ғарышқа аттанды. Ұшу уақыты 10 минут 28 секундқа созылды. Экипаж отырған капсула 107 шақырым биікке жетіп, ғарыштың шекарасы саналатын қалта сызығынан өтіп, содан Жерге аман-есен оралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети