11 қараша 2022 13:42

Джо Байден мен Си Цзиньпин келіссөз жүргізеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үйдің сайтына сілтеме жасап.


АҚШ президенті Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үйдің сайтына сілтеме жасап.

Джо Байденнің Си Цзиньпинмен жоспарланған кездесуі Индонезияның Бали аралында 2022 жылдың 14 қарашасында G20 саммиті аясында өтеді, делінген Ақ үй мәлімдемесінде.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьердің айуынша, Байден мен Си АҚШ-Қытай байланысын сақтау және тереңдету, бәсекелестікті жауапкершілікпен басқару және олардың мүдделері тоғысқан жерде, әсіресе халықаралық қауымдастыққа әсер ететін трансұлттық сын-қатерлерде бірлесіп жұмыс істеу күш-жігерін талқылайды.

Екі ел басшылары бірқатар өңірлік және жаһандық мәселелерді де талқылайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети