11 қазан 2020 10:43

Дональд Трамп енді басқа адамдарға вирус жұқтырмайды - дәрігер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Коронавирус анықталған АҚШ президенті Дональд Трамп енді жұқпалы емес. Бұл туралы оның дәрігері Шон Конли мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Коронавирус анықталған АҚШ президенті Дональд Трамп енді жұқпалы емес. Бұл туралы оның дәрігері Шон Конли мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Президент оқшаулануды тоқтату үшін CDC өлшемдеріне (медициналық реттеуші) сәйкес келеді. Бүгін таңертең ПТР тест нәтижесі, қабылданған стандарттарға сәйкес, басқа адамдарға (вирусты) жұқтыру қаупі жоқ екенін көрсетеді", - делінген Ақ үй таратқан Конли меморандумында.

Еске салайық, Трамп 2 қазанға қараған түні коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Сақтық шаралары үшін ол бірнеше күн ауруханада жатты, бірақ дүйсенбіден бастап ол Ақ үйде.

"Қазір, симптомдар басталғаннан бергі 10-шы күні, дене қызуы 24 сағаттан көп уақыт жоқ және барлық белгі жақсарып келеді, бірнеше алынған жетілдірілген диагностикалық сынақтардың нәтижесі, белсенді түрде көбейіп жатқан вирустың жоқтығын көрсетті", - делінген хабарламада.

Бұған дейін АҚШ президенті ауырғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдында сөйлегені хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети