02 қараша 2014 12:41

Донецк және Луганск халықтық республикаларында сайлау учаскелері ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Өзін-өзі жария еткен Донецк халықтық республикасы және Луганск халықтық республикасы басшысы мен республикалардың Халықтық кеңесі депутаттарын сайлау учаскелері ашылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Дауыс беру 2 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08.00-де басталып, 20.00-ге дейін созылады.


Өзін-өзі жария еткен Донецк халықтық республикасы және Луганск халықтық республикасы басшысы мен республикалардың Халықтық кеңесі депутаттарын сайлау учаскелері ашылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Дауыс беру 2 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08.00-де басталып, 20.00-ге дейін созылады.

ДХР-де 364 сайлау учаскесі және Ресейдің Ростов, Воронеж, Белгород облыстарындағы босқындар лагерінде тағы үш учаске ашылуы керек болды. Ашылған учаскелердің нақты саны белгісіз.

ДХР басшысы болуға үш адам үміткер. Олар - қазіргі премьер-министр Александр Захарченко, белгілі әскери Юрий Сивоконенко және Новороссия одақтық парламентінің вице-спикері Александр Кофман. ДХР мен ЛХР халықтық кеңестері сайлауы партиялық тізім бойынша өтіп жатыр. Донецк республикасында мұндай тізім екеу - "Донецк республикасы" және "Азат Донбасс".

Луганск халықтық республикасында да сайлау учаскелері 08.00-де ашылды. Дауыс беру бюллетеньдерінде ЛХР басшысы болуға үміткер төрт адамның фамилиясы енгізілген: қазіргі басшы Игорь Плотницкийғ кәсіподақтар федерациясының басшысы Олег Акимов, ЛХР денсаулық сақтау министрі Ирина Айрапетян және кәсіпкер Виктор Пеннер.

Айта кетейік, ЛХР басшысы төрт жылға сайланады. Халықтық кеңес депутаттарын сайлауға үш сайлау тізімі қатысып жатыр: "Луганщинаға бейбітшілік", "Луганск экономикалық одағы" және "Халықтық одақ". ЛХР парламентіне төрт жылға 50 депутат сайланады.

Республиканың орталық сайлау комиссиясының есебінше, ЛХР-де барлығы 820 мыңға жуық тұрғын дауыс бере алады, сонымен бірге, Ресей аумағында дауыс беру құқығына ие 200 мыңға жуық луганскілік босқын бар. Сөйтіп, бұл сайлауға 1 миллионнан астам адам қатыса алады.

Еске сала кетейік, бұл сайлауға Чехия, Грекия, Словакия, Сербия, Ресей, АҚШ, Абхазия, Франция, Израиль, Германия елдерінен 30-ға жуық байқаушы аккредиттелген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети