01 ақпан 2015 16:38

Донецкіде мектеп маңында снаряд жарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Украина артиллериясы Донецкінің Киев ауданына соққы жасады, оқ жаудыру кезінде мектеп маңында снаряд жарылды, - деп хабарлайды РИА Новости өзін-өзі жария еткен ДХР халық жасақтары штабына сілтеме жасап. 


Украина артиллериясы Донецкінің Киев ауданына соққы жасады, оқ жаудыру кезінде мектеп маңында снаряд жарылды, - деп хабарлайды РИА Новости өзін-өзі жария еткен ДХР халық жасақтары штабына сілтеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша снаряд Донецк қаласының Киев ауданындағы Щорс көшесінде жарылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. 

Ақпарат құралының хабарлауынша, өткен түнде де облыстың Донецк мен Макеевка қалаларында атыс басылмады. Халық жасақтары штабының алдын ала мәліметінше, Макеевкада снарядтар қаланың солтүстігіндегі шеткі үйлерді зақымдады, зардап шеккен тұрғындар бар. 

Донецкіде снарядтар Куйбышев пен Киев аудандарындағы үйлерге, қаланың орталығындағы гараж кооперативіне, Киров ауданындағы шахтаның қосалқы станциясына, №25 қалалық аурухананың жанындағы мәйітхананың шатырына және екі жанармай құю бекетіне түсті. 

ДХР өкілдері өңірде диверсия топтарының көбейгенін айтып отыр. "Олар көшелерде "Газель" жүк көліктерін немесе қоқыс тасушы көліктерін мініп жүреді және оларда орналастырылған минометтерден дүрлігу туғызу үшін алдымен азаматтық және әскери нысандарды атқылайды", - дейді халық жасағының өкілі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети