14 наурыз 2014 15:55

Донецкідегі тәртіпсіздік: жаппай төбелесті бастаушылар қолға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арсен Аваков, Украина Ішкі істер министрі міндетін атқарушы. ©REUTERS Арсен Аваков, Украина Ішкі істер министрі міндетін атқарушы. ©REUTERS

Донецкідегі тәртіпсіздік: Украиналық милиция жанжал шығарушыларды қолға түсіре бастады, деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы ішкі істер министрі қызметін уақытша атқарушы Арсен Аваков өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында мәлім еткен. "Донецк қаласында митингтен кейінгі жаппай төбелесте жанжал шығарушылар мен бірінші ұйымдастырушылардың төртеуі түнде анықталып, қолға түсті. Тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп жазады Аваков. Бейсенбі күні Донецкідегі орталық алаңда бір мезетте екі акция болып өтті. Бірі - ресейлік, ал екінші акцияның аты "Біртұтас Украина үшін" деп аталды. Донецкідегі тәртіпсіздік митинг біткеннен кейін бірден басталып кеткен. Донецк облыстық әкімшілігінің хабарлауынша, қақтығыстың салдарынан бір адам қаза тауып, 17-сі жараланған. Украиналық БАҚ құралдарының мәліметінше, Донецкідегі тәртіпсіздік украиналық белсенділер Ресейдің агрессивті саясатына және Украинаның жікке бөлінуіне қарсы өздерінің наразылықтарын білдіру үшін көшеге шыққан кезінде басталған. Еске сала кетейік, 22-ақпанда Украинада билік ауысты. Виктор Янукович биліктен шеттетілді. Рада Конституцияны өзгертіп, Мемлекет басшысы қызметін уақытша атқару Жоғарғы Рада төрағасы Александр Турчиновке жүктелді және сайлауды 25 мамырға белгіледі. Кейін Янукович өзінің өміріне қауіп төнген соң Украинаны тастап кетуге мәжбүр болғанын, өзін әлі де елдің "заңды президенті" деп санайтынын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети