01 шілде 2021 16:29

Дудьтің есірткі насихаттау туралы ісі сотқа қайта түсті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Есірткіні насихаттады деп айып тағылған танымал блогер Юрий Дудьтің әкімшілік іс Мәскеудің Зюзино аудандық сотына қайта түсті, - деп хабарлайды РИА Новости.


Есірткіні насихаттады деп айып тағылған танымал блогер Юрий Дудьтің әкімшілік іс Мәскеудің Зюзино аудандық сотына қайта түсті, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Зюзино аудандық сотына Дудьқа қатысты әкімшілік іс материалдары түсті", - делінген агенттік мәліметінде.

Іс қаралатын күн әлі белгіленген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Дудьке Ресей Әкімшілік кодексі 6.13-бабының 1.1-бөлігі - "Интернетті пайдаланып есірткіні насихаттау" бойынша айып тағылған болатын.

Дудьтің бағдарламаларын тексеру туралы өтінішті полицияға "Лига безопасного интернета" ұйымы түсірген. Сарапшылар оның блогер Иван Гай мен рэп-орындаушы Моргенштерннен алған сұхбатында есірткіні насихаттау болғанын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети