23 қаңтар 2017 09:46

Экс-президенті елден кеткен соң Гамбияның қазынасы бос қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Thierry Couegnon © REUTERS/Thierry Couegnon

Гамбияның жаңа президенті Адама Барроу елдің бұрынғы президенті Яйя Джаммеден кейін қазынада ақшаның қалмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters.


Гамбияның жаңа президенті Адама Барроу елдің бұрынғы президенті Яйя Джаммеден кейін қазынада ақшаның қалмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters.

"Бізге келіп түскен мәліметтерге сүйенсек, қазынада ақша жоқ. Бұл туралы бізге айтылды. Енді міндеттерімізді атқаруға кіріскен күні бұл мәселені шешеміз", - деді Барроу.

Жаңа президенттің арнайы кеңесшісі Маи Ахмад Фаттиге сілтеме жасаған РИА Новости басылымының мәліметінше, елдің бұрынғы президенті Яйя Джамме соңғы апталардың ішінде қазынадан 11,4 миллион доллар жымқырған делінеді. Оның айтуынша, бұрынғы президент жүк тасымалдайтын ұшақпен Гамбиядағы түрлі қымбат заттарды алып кеткен, олардың ішінде көліктер бар.

2016 жылы президенттік сайлауда жеңілген Яйя Джамме билікті сайланған мемлекет басшысына беруі тиіс болған. Бірақ Яйя Джамме мұның орнына елде төтенше жағдай тәртібін орнатқан. Айта кетейік, 19 қаңтарда Гамбияның елшілігінде елдің жаңа президенті Адама Барроуды ұлықтау рәсімі өткен еді.

Ал 21 қаңтарда елдің бұрынғы президенті Яйя Джамме өз еркімен 22 жыл атқарған билігінен бас тартып, өкілеттігін жаңа президентке берді. Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, Яйя Джамме елден кетіп қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети