29 тамыз 2016 09:59

Ердоған парламенттен кейін өлім жазасын енгізу туралы ұсынысты мақұлдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған өлім жазасын енгізу туралы шешімді парламент шығарса, мақұлдайды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған өлім жазасын енгізу туралы шешімді парламент шығарса, мақұлдайды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Айта кетейік, елде мемлекеттік төңкеріс болғаннан кейін осы тақырып қайта көтерілген болатын. Ердоған халқы осындай шешім қабылдаса, өзінің бұл ұсынысты қабылдайтынын бірнеше рет мәлімдеген. 

Түркияда өлім жазасы соңғы рет 1984 жылы орындалған болатын. 2001 жылдың мамырында елде өлім жазасы Еуропалық одақтың стандарттарына сәйкес болу мақсатында Түркия конституциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін алып тасталған болатын. 

Ал Еуроодақ өкілдері өлім жазасы қайта күшіне енсе, Түркияның одаққа кіру туралы келіссөздері тоқтатылатынын мәлімдеп үлгерді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети