11 тамыз 2014 12:35

Ердоған президент өкілеттігін кеңейтпекші

ПОДЕЛИТЬСЯ

Реджеп Тайып Эрдоған. ©REUTERS Реджеп Тайып Эрдоған. ©REUTERS

Түркияның жаңадан сайланған президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекет басшысы лауазымының өкілеттігін кеңейткелі отыр, - деп хабарлайды BBC Russian


Түркияның жаңадан сайланған президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекет басшысы лауазымының өкілеттігін кеңейткелі отыр, - деп хабарлайды BBC Russian

Түркияда президенттің өкілеттігінен гөрі премьер-министрдің құзыреті күшті. Бұл қызметті Ердоған 2003 жылдан бері атқарған болатын. Ол елдің конституциясына сәйкес, бұл қызметті үш мерзімнен артық атқара алмайды.

Түркияда 10 тамыз күні президент сайлауының алғашқы туры өтті. Әділеттілік партиясының өкілі Ердоғанмен бірге оған оппозициялық Халықтық-республикалық партия мен Ұлттық әрекет партиясының атынан ұсынылған ортақ үміткер Экмеледдин Ихсаноғлу және Күрд Халықтық-демократиялық партиясының өкілі Селахаттин Демирташ та қатысты.

Сайлаудың алғашқы кезеңінің қорытындысы бойынша Ердоғанға сайлаушылардың 52%-ы дауыс берді. Ол басым дауысқа ие болғандықтан, елдің сайлау комиссиясы сайлаудың екінші кезеңінің өтпейтінін мәлімдеді.

Ердоған өзі жеңіске жетсе, Түркияны әлемдік көшбасшыға айналдыруға уәде берді, ол сонымен бірге қоғамдық бітімгершілік саласында жаңа кезеңді бастайтынын айтты. Еске сала кетейік, Ердоғанның үкімет басқарудағы соңғы мерзімінде оның саясатына ел жастары наразылық білдірген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети