05 тамыз 2022 18:17

Ердоған Путинмен келіссөз жүргізу үшін Ресейге ұшып барды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Сочиге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TRT Haber сайтына сілтеме жасап.


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Сочиге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TRT Haber сайтына сілтеме жасап.

Ердоғанмен бірге сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу, энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Донмез, қазынашылық және қаржы министрі Нуреддин Небати, ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Вахит Киришчи, сауда министрі Мехмет Муш, Ұлттық барлау ұйымының басшысы Хакан Фидан, Түркия Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшысы Исмаил Демир Ресейге барды.

Ердоған мен Путин өзекті жаһандық және аймақтық мәселелер, Түркия мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастар туралы пікір алмасады деп күтіледі.

Сирияның солтүстігіндегі соғыс қимылдарының ықтималдығы кездесудің күн тәртібіндегі басым тақырып болмақ. Сочидегі кездесуде Түркия бастамалары және Ресей мен Украина келісімге қол қойғаннан кейін құрылған астық дәлізі туралы да талқыланады.

Екі президенттің күн тәртібінде Ресей-Украина жанжалы да болады. Ердоған әлі де атысты тоқтатуға үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети