15 мамыр 2023 11:31

Ердоған Түркиядағы сайлаудың екінші туры болуы мүмкін екенін мәлімдеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елде сайлаудың екінші кезеңі өтуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығармады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елде сайлаудың екінші кезеңі өтуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығармады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

Ердоған қарсыласы Кемал Кылычдароғлумен екінші турға дайын екенін атап өтті. Дүйсенбі күні таңертең дауыстарды санау әлі жалғасып жатыр.

"Біз сайлау бірінші турда аяқтала ма, жоқ па білмейміз. Халық бізді екінші турға шығарса, біз бұл шешімді құрметтейміз", - деді Ердоған.

Түркияның оппозициялық альянсының жетекшісі Кемал Кылычдароглу сайлаушылардың дауыс берудің екінші турын өткізу туралы шешімін мойындайтынын айтты.

"Егер еліміз екінші турды жарияласа, біз міндетті түрде жеңеміз. Қоғамдағы өзгерістерге деген ынта 50 пайыздан жоғары", - деді ол.

Айта кетейік, Түркиядағы президент сайлауында берілген дауыстардың 96,15 пайызын санау қорытындысында кандидаттардың қажетті 50 пайызды жинай алмағаны анықталды. Белгілі болғандай, сайлаушылардың 49,42 пайызы қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанға дауыс берген. Оның басты бәсекелесі Кемал Кылычдароғлу 44,88 пайыз дауыс жинады.

Түркия заңына сәйкес, егер кандидаттардың ешқайсысы дауыстардың жартысынан көбін жинай алмаса, сайлаудың екінші кезеңі өтуі тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети