08 ақпан 2023 16:37

Ердоған Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарына барды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған елдің жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарын аралайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған елдің жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарын аралайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Түркия президенті әкімшілігінің қоғаммен байланыс бөлімінің хабарламасында айтылған.

Ердоған Түркияның оңтүстігіне барып, апатты аймақтардағы зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстарын тексереді деп күтіліп отыр. Түркия басшысының бірінші сапары Кахраманмараш қаласы болса, одан кейін Пазарджик аймағына ат басын бұрмақ.

Түркия президенті одан кейін оңтүстіктегі Хатай провинциясына аттанады. Ол апат аймағындағы жұмысты жергілікті жерде үйлестіруді жоспарлап отыр.

Түркия іздеу-құтқару жұмыстарын жеделдету үшін Адана, Адияман, Диярбакыр, Газиантеп, Хатай, Кахраманмараш, Килис, Малатия, Османие және Шанлыурфа сияқты 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети