02 қазан 2020 08:26

Ереван мен Баку Таулы Қарабақтағы шығынды есептеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Reuters Фото: © Reuters

Армения вице-премьері Тигран Авинян Facebook желісіндегі парақшасында Таулы Қарабақта қайтыс болған және жараланған әзербайжандық әскерилердің санын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Армения вице-премьері Тигран Авинян Facebook желісіндегі парақшасында Таулы Қарабақта қайтыс болған және жараланған әзербайжандық әскерилердің санын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Авинян инфографика жариялады. Онда Әзербайжан эскалация басынан бері 1280 әскерінен айырылғаны және 2,7 мың адам жарақат алғаны, сондай-ақ 90 ұшқышсыз ұшақ, 12 тікұшақ, 181 танк және үш ірі оқ жүйесі, екі "Смерч" құрылғысы, төрт ұшақ жойылғаны көрсетілген.

Ал Әзербайжан тарапы Ереван көп әскері мен соғыс техникасынан айырылғанын, Армения қарулы күштері кейін шегінгенін хабарлады.

"27 қыркүйекте таңертеңнен 30 қыркүйек сағат 21.30-ға дейін жау әскер мен техникасынан көп шығындалды және бұрын отырған, фронттағы маңызды учаскелерден кейін шегінуге мәжбүр болды", - делінген 1 қазанда жарияланған хабарламада.

Әзербайжан министрлігі Арменияның жүздеген техникасын жойғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, 200 танк, 230-ға жуық 230 артиллериялық құрылғы, реактив жүйелер, 110-нан аса көлік және т.б. 

Әзербайжан мемлекеттік телеарнасы босатылған территориялардан видео жариялады, деп хабарлады haqqin.az

Еске салайық, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.

"Жаңалық қате, қақтығыс емес". Танымал тұлғалар Таулы Қарабақтағы жағдай туралы не дейді?

Себебі Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштері Қарабақтағы елді мекендерге оқ жаудырғанын мәлімдеді, осы ақпараттарға сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Армения ҚМ мәлімдеуінше, Карабақ "әуе және зымыран шабуылына тап болған", Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети