02 мамыр 2022 08:55

Ереванда митингке шыққандар орталықты қоқыс жәшіктерімен жауып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

РИА Новости видеосының кадры РИА Новости видеосының кадры

Ереванның орталығында наразылық білдірушілер жолды қоқыс жәшіктерімен жауып, шатырлар тіккен, полиция әлі араласқан жоқ, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ереванның орталығында наразылық білдірушілер жолды қоқыс жәшіктерімен жауып, шатырлар тіккен, полиция әлі араласқан жоқ, - деп хабарлайды РИА Новости.

Парламенттегі "Армения" фракциясының вице-спикері Ишхан Сагателян елдің премьер-министрі Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап еткен оппозиция Франция алаңында шатыр тігіп, сонда түнейтінін айтты.

Оның айтуынша, дүйсенбіде таңертең кең ауқымды наразылық акциялары басталып, көшелер мен тасжолдар жабылады. Ереванның орталығында көлік қозғалысы тоқтатылады деп жоспарланған.

Еске салайық, 25 сәуірде Ереванда Пашинянның отставкаға кетуін талап еткендер шеру өткізген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети