Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Еревандағы қарулы топ кепілге алынған екі полицейді босатты

23 Шілде 2016, 16:07
0
© РИА Новости
© РИА Новости

Ереванда осыған дейін кепілге алынған екі полиция қызметкері босатылды, - деп хабарлайды РИА Новости мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының (ТҚР) Ұлттық жиналысының депутаты Виталий Баласанянға сілтеме жасап. Ол қарулы топпен келіссөз жүргізген.

17 шілдеде қаруланған бір топ адам Армения полициясының патрульдік-пост полкінің аумағына басып кіріп, әлі күнге дейін сол жақтағы адамдарды күштеп ұстауда. Полицияның мәліметі бойынша, шабуыл кезінде бір полицей қаза тапқан, алты адам жарақат алған, соның ішінде бесеуі полиция қызметкерлері.

"Қатардағы екі полицей босатылды, олар ешқандай алдын ала шартсыз ППҚ аумағынан шықты", - дейді Баласанян.

Ол ақпараттың үздіксіз таралып отыруы үшін, бейтарап аймақта Полиция және Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бақылауымен БАҚ өкілінің болуы келісілген.

Баласанян баспасөз-орталық құрылғаннан кейін қалған екі кепіл - Армения полиция басшының орынбасары генерал-майор Вардан Егизарян мен Ереван полициясы басшысының орынбасары Валерий Осипяндардың босатылатынын айтты.

"Бұл айырбас емес, менің қатысуыммен барлығымыздың келісіп жасаған қадамымыз", - деді Баласанян.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай