03 желтоқсан 2021 09:36

Еуроодақ Беларуське қарсы санкцияларды бекітті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Еуропалық Одақ миграциялық дағдарысқа байланысты Беларуське қарсы бесінші санкциялар пакетін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Еуропалық Одақ миграциялық дағдарысқа байланысты Беларуське қарсы бесінші санкциялар пакетін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ЕО-ның Беларуське қарсы жеке санкциялар тізімінде 166 жеке тұлға және 15 ұйым бар.

Беларуське қарсы санкцияларға Ұлыбритания мен Канада қосылған. Сондай-ақ, АҚШ Беларусьтің мемлекеттік қарыз міндеттемелеріне қарсы санкциялар салды.

АҚШ-тың Қаржы министрлігі ел азаматтарына "2021 жылдың 2 желтоқсанында немесе одан кейін Беларусь Республикасының Қаржы министрлігі немесе Беларусь Республикасының Даму банкі 90 күннен аса уақытқа шығарған жаңа қарыз міндеттемелерімен" транзакция жасауға тыйым салды.

Жаңа санкциялар пакетінің бір бөлігі ретінде Қазынашылық департаменті де осы бағалы қағаздардың АҚШ-та айналымына тыйым салды, бірақ екі құрылыммен басқа өзара әрекетке рұқсат етілгені түсіндірілді.

Бұған дейін Лукашенко НАТО-ны Беларусьте ядролық қару орналастырамыз деп қорқытқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети