24 тамыз 2020 09:47

Еуроодақ Лукашенконың легитимдігін мойындамады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Reuters Фото: © Reuters

Еуропалық одақ Александр Лукашенконың легитимдігін мойындамады. Бұл туралы одақтың сыртқы және сыртқы қауіпсіздік саясатының жоғары өкілі Жозеп Боррель El Pais басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Еуропалық одақ Александр Лукашенконың легитимдігін мойындамады. Бұл туралы одақтың сыртқы және сыртқы қауіпсіздік саясатының жоғары өкілі Жозеп Боррель El Pais басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, ол бұл жағдайға қарамастан одақ Лукашенкомен дипломатиялық байланысты жалғастыруы керек.

"Біз оны мойындамаймыз, бірақ онымен диалог орнатуымыз керек", - дейді Боррель.

Лукашенко қоршаудан шығып, әскерилерге алғыс айтты

Ол Лукашенконың жағдайы Венесуэла президенті Николас Мадуромен ұқсас екенін айтты. Себебі, Брюссель оны заңды жолмен сайланған жоқ деген ұстанымда.

"Бұл сізге ұнай ма, ұнамай ма, бірақ олар үкіметті басқарып отыр. Біз олардың демократиялық легитимдігін мойындамасақ та, байланыста болуымыз керек", - дейді Жозеп Боррель.

Сондай-ақ, Боррель Беларусьтегі жағдайды Украинамен салыстыруға болмайтынын жеткізді.

"Еуропалық одақ Беларусьті екінші Украинаға айналдырғысы келіп отырған жоқ", - дейді басшы.

"Беларусьтің мәселесі Ресей немесе Еуропаны таңдауда емес, еркіндік мен демократиялық таңдау жолында", - дейді Жозеп Боррель.

13 тамызда Боррель Беларусь президенті Александр Лукашенконы халыққа қарсы күш қолдануды тоқтатып, қоғаммен байланыс орнатуға шақырған болатын. Ол бұлай болмаған жағдайда Беларуське қарсы санкциялар салынатынын ескерткен.

Айта кетейік, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтіп, соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети