03 желтоқсан 2021 15:21

Еуроодақта COVID-19-ға қарсы француз вакцинасы тексеріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) Valneva француз компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасын сынақтан өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі EMA сайтына сілтеме жасап.


Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) Valneva француз компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасын сынақтан өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі EMA сайтына сілтеме жасап.

Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің комитеті (CHMP) француздық Valneva биотехнологиялық компаниясы жасаған VLA200 вакцинасын сараптамаға жіберуге рұқсат берді.

Зертханалық жұмыстар мен клиникалық сынақтар сәтті өтті, сондықтан CHMP сараптамаға рұқсат берді. Жүргізілген сынақтар вакцина COVID-19-ға қарсы антиденелерді түзетінін растады.

Болашақта Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) вакцинаның тиімділігі, қауіпсіздігі және сапасы бойынша ЕО-ның әдеттегі стандарттарына сәйкестігін бағалайды.

Айта кетейік, енді Pfizer-BioNTech, Johnson & Johnson, Moderna және Oxford-AstraZeneca препараттары ЕО-да сертификатталған болып саналады.

Valneva - штаб-пәтері Сен-Эрбленде орналасқан француз биотехнология компаниясы, химиялық инактивация арқылы тірі вирустан жасалған белсендірілмеген вакциналарды әзірлейді. Бұл 60 жылдан аса уақыт бойы қолданылып келе жатқан дәстүрлі вакциналарды өндіру технологиясы. Компанияның Шотландия, Швеция және Австрияда өндірістік алаңдары, Францияда, Канадада және АҚШ-та кеңселері бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети