16 маусым 2021 09:07

Еуропа елі коронавирус эпидемиясы аяқталғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Словения үкіметі коронавирус эпидемиясы аяқталғаны туралы ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды US News.


Словения үкіметі коронавирус эпидемиясы аяқталғаны туралы ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды US News.

Үкіметтің хабарламасында былтыр 12 наурызда енгізілген эпидемия режимі 16 маусымнан бастап алынатыны жазылған. 

Ал елдің Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы шаралар 17 маусымға дейін сақталатынын, кейіннен ол қайта қарастырылатынын хабарлады. Жабық нысандарда маска тағу және дезинфекциялық құралдарды қолдану міндетті. 

"Ертеңнен бастап Словенияда эпидемия ресми түрде аяқталады, бірақ коронавирусқа қарсы күрес әлі біткен жоқ. Вакцинация эпидемияны бақылауда ұстаудың негізгі шарасы болып қала бермек", - делінген ДСМ хабарламасында.  

Соңғы мәліметтер бойынша, елде кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырған 112 адам анықталған.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети