04 ақпан 2022 09:05

Еуропада коронавирус пандемиясы аяқталуға жақын - ДДСҰ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропада коронавирус пандемиясы аяқталуға жақын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропада коронавирус пандемиясы аяқталуға жақын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық директоры Ханс Клюге Еуропада вирусты бақылауға алудың бірегей мүмкіндігі бар екенін айтты.

Оның айтуынша, коронавирустан қайтыс болғандар саны азайған және Еуропада үш факторға байланысты пандемияны тоқтату мүмкіндігі бар: халықты вакциналаудың жоғары деңгейі және бұрын ауырған адамдардың көптігі, вирустың жылы мезгілде азырақ таралу бейімділігі және омикрон штамының ауыр ауру тудырмауы.

"Бұл қорғаныс кезеңін шиеленісті тоқтату деп санаған жөн, бұл мықты тұрақтылықты әкелуі мүмкін", - деп түсіндірді Клюге.

Оның пайымдауынша, ұзақ тұрақты кезең және тұрғындарды вирустың кез келген таралуынан әлдеқайда жоғары деңгейде қорғау көктемде басталуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети