26 қазан 2021 18:26

Facebook пен Instagram Бразилия президенті сөйлеген видеотрансляцияны өшіріп тастады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Facebook және Instagram әлеуметтік желілері өз платформаларынан Бразилия президенті Жаир Болсонарудың COVID-19 бен ВИЧ індетіне қарсы вакциналар арасындағы байланыс туралы айтқан видеотрансляциясын алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Brazilian Report агенттігіне сілтеме жасап.


Facebook және Instagram әлеуметтік желілері өз платформаларынан Бразилия президенті Жаир Болсонарудың COVID-19 бен ВИЧ індетіне қарсы вакциналар арасындағы байланыс туралы айтқан видеотрансляциясын алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Brazilian Report агенттігіне сілтеме жасап.

Facebook-тің баспасөз қызметі электрондық пошта мәлімдемесінде, трансляцияда айтылған сөздер компанияның COVID-19 вакцина саясатын бұзғаны үшін платформадан жойылғанын растады. Онда Instagram өкілдерінің дәл осындай мәлімдеме жасағаны және контентті әлеуметтік желіден алып тастағаны нақтыланады.

"Біздің саясатымыз COVID-19 вакциналары адамдарды өлтіреді немесе ауыр зиян келтіреді деген жалған мәлімдемелерге жол бермейді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, YouTube видеохостингі Болсонарудың арнасын COVID-19-ға қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін уақытша бұғаттады.

"Біз вакциналар ауру жұқтыру қаупін азайтпайды, керісінше басқа жұқпалы аурулардың пайда болуына әкеледі деп мәлімдеп, COVID-19 туралы жалған ақпарат таратып, біздің ережелерімізді бұзғаны үшін Жаир Болсонару арнасынан видеоны алып тастадық", - деді YouTube.

Бұған дейін Бразилия жоғарғы соты президент Жаир Болсонарудың COVID-19 пандемиясы жағдайындағы әрекеттері бойынша тергеуді бастауды мақұлдаған болатын. Бразилия сенатының комитеті Болсонару COVID-19 пандемиясынан қайтыс болғандар санын әкімдер көбейтті деп мәлімдеп, жалған деректерді қолданғанын анықтаған еді.

Айта кетейік, Бразилия президенті пандемия басталғаннан бері бірнеше рет сарапшылардың үндеулерін елемей, маска киюден бас тартып, оқшаулау шараларын қолдануға қарсы болды. 

Болсонару сонымен қатар вирустың таралу қарқынына қарамастан, шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді. Бұл үшін Бразилия кәсіподақтары президентті сотқа берді. Өткен жылдың наурыз айында Болсонаруға қоғамдық жерде маска тақпағаны үшін айыппұл салынды, бірнеше күннен кейін ол коронавирус жұқтырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети