Филиппин президенті есірткі сатушыларды өз қолымен өлтіргенін мәлімдеді

14 Желтоқсан 2016, 11:57
0
Филиппин президенті есірткі сатушыларды өз қолымен өлтіргенін мәлімдеді - Родриго Дутерте © birdinflight.com
Родриго Дутерте © birdinflight.com

Филиппин президенті Родриго Дутерте Давао қаласының мэрі болған кезде есірткі сатты деген күдіктілерді өзі өлтіргенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Мамыр айында президент болып сайланған Родриго Дутерте есірткіге тәуелді адамдармен, сондай-ақ, есірткі сататындармен күресіп келеді. Полицейлердің соңғы мәліметтері бойынша, Дутерте билікке келгелі бері елде есірткі саудасына қатысы бар шамамен 3 мың адам өлтірілген.

"Мен Давао қаласында оларды өзім өлтіргенмін. Мұны істей алатынымды сол жігіттерге көрсеткім келді", - деп мәлімдеді Филиппин президенті.

"Даваода мотоциклмен жүріп, көшелерде күзетте жүрдім. Мен расында да біреуді өлтіру үшін ұрыс-қағыс болып жатқан аумақтарды іздедім", - деді Родриго Дутерте бұл әрекетін әлі де жалғастыра беретінін айта отырып.

Айта кетейік, дүниежүзілік қоғамдастықтың өкілдері елдегі есірткі саудасының бұл түрімен күресу әдісін сынға алған болатын. Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ сарапшылары да филиппин билігіндегілердің бұл әрекетін айыптады. Сарапшылар оларды адамдарды өлтіруге бөгет жасауларын және күдіктілерді өлім жазасына кесуден бас тартуын сұрады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай