16 қазан 2016 12:53

Филиппинде 12 мың тұрғын эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mirvkartinkah.ru © mirvkartinkah.ru

Филиппин үкіметі үшінші деңгейлі "Сарика" дауылының алдында 12,5 мың тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Филиппин үкіметі үшінші деңгейлі "Сарика" дауылының алдында 12,5 мың тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Метеорология мамандарының мәліметінше, желдің жылдамдығы жер бетіне келген уақытта сағатына 150-ден 130-ға дейін баяулаған. Қазіргі уақытта дауыл батысқа қарай Оңтүстік-Қытай теңізіне қарай беттеді. Агенттіктің мәліметінше, дауылдан кем дегенде екі адам қаза тапқан. 

Мамандар сонымен қатар "Хаима" дауылын бақылап отыр. Ол Гуам аралының оңтүстігінде пайда болып, 17 қазанда Филиппинге жетуі мүмкін. 

Филиппиндік әуе компаниялары бірнеше халықаралық және ішкі рейстерді кейінге қалдырды. 6,5 мыңнан аса саяхатшылар теңіз порттарында бұғауланып қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети